4 Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды,
Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды.
Мұны көрген көпшілік Жаратқанды
Қастерлеп, Оған сенімін артады.
5 Менмендердің қолдауын сұрамайтын,
Жалғанға39:5 Немесе: Жалған тәңірлерге. сүйенгендерге бет бұрмайтын,
Қайта, тек Жаратқанға сенімін артқан
Әркім — өмір бақи қандай бақытты жан!
6 Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың,
Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың.
Игі істеріңді айтуға тырыссам,
Көптігі сонша, санауға жетпейді сан:
Саған тең келе алмас бірде-бір жан!