Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 43

Озбырлық көрген халықтың Құдайдан құтқаруын сұрауы

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)

2 Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңмен

Ежелде бабалардың заманында істеген

Керемет істерің жайлы құлағымызбен

Көп естігенбіз әкелерімізден.

3 Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың,

Ал бабаларымызды орнықтырдың.

Сол тайпаларды Сен езіп тастадың,

Ал бабаларымызды азат қылдың.43:3 Немесе: Әрі оларды шашыраттың.

4 Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ,

Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ,43:4 Яки: Олар өз білек күштерімен (жауларының шабуылдарынан) құтқарылған жоқ.

Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің,

Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.

5 Сен менің Патшам әрі Құдайымсың,

Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың,43:5 Немесе: Жақыптың ұрпақтарына жеңістерді бұйыра гөр.

6 Сенімен жауларымызды соққылаймыз,

Сенің атыңнан дұшпанды таптаймыз.

7 Садағыма артпаймын мен сенімімді,

Құтқара да алмайды семсерім мені,

8 Жауларымыздан Сен бізді құтқарасың,

Бізді жек көргендерді масқара қыласың.

9 Күн сайын Құдайды айтып мақтанамыз,

Атыңды мәңгілік мадақтайтын боламыз.

10 Ал қазір бізді тастап, ұятқа қалдырдың,

Сен жасағымызбен бірге аттанбадың,

11 Жауымыздан қашуға мәжбүр қылдың,

Дұшпандарға бізді тонатып қойдың,

12 Сойылатын қой іспетті бізді тапсырдың,

Халықтар арасына шашыраттың,

13 Өз халқыңды арзанға сатып жібердің,

Біздің құнымызды әбден түсірдің.43:10-13 Леу 26:14-17; Заң 28:15,25,47-50,64,68.

14 Көршілерімізге бізді қорлаттың,

Маңымыздағыларға мазақтаттың,

15 Қыңыр ұлттардың қорлауына қалдырдың,

Оларға бізді елетпей бас шайқаттың.

16 Масқарамыз күнде алдымыздан шығады,

Халқымыз ұяттан қара бет болады,

17 Жалақордың ұрсуын естіп тұрамыз,

Кек алмақ жаудың бетін көріп тұрамыз.

18 Осының барлығына ұшырадық,

Алайда біздер Сені ұмытпадық,

Сенің Келісіміңді де бұзбадық.

19 Жүрегіміз Сенен бас тартқан да жоқ,

Аяғымыз жолыңнан тайған да жоқ.

20 Сонда да Сен бізді талқандап қираттың,

Елімізді шибөрінің тұрағы еттің,

Ажал қаупін бастарымызға төндірдің.43:20 Яки: Елімізді құлазытып, қалаларымызды қираттың, үстімізді ажалды түнекпен жаптың. (Шибөрі әдетінше құлазыған далалар мен қираған қалаларды мекендейді: Иш 13:22; Ерм 9:11).

21 Егер Құдайымыздың атын ұмытсақ,

Бөтен «тәңірге» қол жайып сиынсақ,

22 Құдай мұны әлде білмес пе еді?

Ол жүректің құпияларын да біледі!

23 Ал Сен үшін жау бізді күнде жоюда,

Сойылатын қой деп бізге қарауда.

24 Уа, Жаратқан, неге «жатырсың ұйқыда»?

«Серпіліп», бас көтере гөр бізді қорғауға,

Бізден бас тарта көрмеші біржолата!

25 Неге бізден бет-жүзіңді жасырасың,

Қайғы мен жәбірімізді ұмытасың?

26 Өйткені ажал аузында жандарымыз,

Әрі жерге жабысуда тәндеріміз.

27 Тұрып орныңнан, бізді қолдай гөр,

Рақымыңа бола бізді құтқара гөр.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.