Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 44

Патшаның үйлену тойына арналған жыр

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «қызғалдақтар» әуенімен44:1 68:1; 79:1. айтылатын Қорах ұрпақтарының насихат жыры әрі махаббат әні.)

2 Патшаға арнап әнімді айтқанда

Жүрегімнен ізгі сөз құйылуда,

Тілім ұқсас хатшының жүйрік қаламына.

3 Сен әсемсің күллі адам баласынан,

Мейірімді сөз ағылады аузыңнан,

Құдай Сені мәңгілікке жарылқаған.

4 Уа, батыр, семсеріңді асынып ал,

Зор даңқ пен ұлылыққа бөленіп ал.

5 Осы салтанатыңмен жеңіске аттан44:5 Немесе: Соғыс күймеңе мініп, тездетіп алға ұмтыл.

Ақиқат, кішіпейілдік, әділдік үшін,

Мықты оң қолың ғажап істер істесін.

6 Жебелерің үшкір, олар патшаның

Жауларының жүрегіне дәл қадалсын,

Барлық ұлттар да аяғыңа жығылсын.

7 Сенің тағың, о, Құдай,44:7 Патша Құдайдың жер бетіндегі уәкілі болғандықтан, кейде «құдай» не «құдайдың (рухани) ұлы» деп те аталатын (2:7,12; Пат2 7:14). Дәуіттің кейінгі Ұрпағы Мәсіхтің өмірінде осы құрметті атау нақты түрде де шындыққа сай болды (Евр 1:8-9). сақталады мәңгілік,

Патшалығыңа жүргізесің әділ билік,44:7 Немесе: Сенің патшалық асатаяғың — әділдік. (Асатаяқ патшалық биліктің бір белгісі болатын.)

8 Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,

Сондықтан да Құдай, өз Құдайың сенің,

Өзіңді тағайындап, сыйлады саған

Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан.44:8 Яки: Сондықтан да Құдай, өз Құдайың сенің, қуаныштың иісмайын серіктеріңнен гөрі саған молынан құйды. (Сол заманда адамға иісмай құю оны сыйлауды немесе бір міндетке тағайындауды білдіріп, қуанышқа бөлейтін.)

9 Хош иісті сенің күллі киімдерің

Мүр, алоэ, дәмқабық гүлінің жұпарымен,44:9 Мүр: хош иісті шайыр (Нқл 7:17; Ән 1:12). Алоэ: емдік қасиеттері бар өсімдік. Дәмқабық гүлі: яки кассия (Мыс 30:24).

Көңіліңді көтереді сазды әуен

Сарайларыңда піл сүйегімен безенген.

10 Сенің құрмет тұтатын жұбайларың

Арасында бар қыздары патшалардың.

Оң жағыңда отыр опырлық44:10 Яғни Опыр (Офир) өңірінен әкелінген (Шеж2 8:18). саф алтын

Әшекейлер тағып алған патшайымың.

11 Тыңда, қызым, ұғып ал, тос құлағыңды:

Ұмыт шыққан әулетің мен халқыңды,

12 Патша аңсап қалайды сұлулығыңды,

Ол тақсыр иең сенің, ардақта оны!

13 Тир қаласы сыйлығын алып келеді,

Елдің байлары ықыласыңды іздейді.

14 Қалыңдық ханшаң отыр өз бөлмесінде

Алтын кестелі көйлегі бар үстінде,

15 Түрлі түсті киімімен әкелінеді,

Құрбы қыздары соңынан ілеседі,

Барлығы да Сенің алдыңа келеді,

16 Зор қуаныш, шаттықпен бастап әкелінеді,

Патшалық сарайыңа салтанатпен енеді.

17 Ұлдарың орнын баспақ аталарыңның,

Бүкіл елге оларды әкім етіп қоясың.

18 Бар ұрпақтарға сыйлатамын есіміңді,

Халықтар дәріптейді мәңгі Өзіңді.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.