Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 44

6 Жебелерің үшкір, олар патшаның

Жауларының жүрегіне дәл қадалсын,

Барлық ұлттар да аяғыңа жығылсын.

7 Сенің тағың, о, Құдай,44:7 Патша Құдайдың жер бетіндегі уәкілі болғандықтан, кейде «құдай» не «құдайдың (рухани) ұлы» деп те аталатын (2:7,12; Пат2 7:14). Дәуіттің кейінгі Ұрпағы Мәсіхтің өмірінде осы құрметті атау нақты түрде де шындыққа сай болды (Евр 1:8-9). сақталады мәңгілік,

Патшалығыңа жүргізесің әділ билік,44:7 Немесе: Сенің патшалық асатаяғың — әділдік. (Асатаяқ патшалық биліктің бір белгісі болатын.)

8 Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,

Сондықтан да Құдай, өз Құдайың сенің,

Өзіңді тағайындап, сыйлады саған

Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан.44:8 Яки: Сондықтан да Құдай, өз Құдайың сенің, қуаныштың иісмайын серіктеріңнен гөрі саған молынан құйды. (Сол заманда адамға иісмай құю оны сыйлауды немесе бір міндетке тағайындауды білдіріп, қуанышқа бөлейтін.)

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também