Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 49

Құдай Тағалаға ұнамды ғибадат

1 (Асафтың жыры.)

Құдіреті шексіз Құдай49:1 (Еш 22:22) Яки: тәңірлердің Тәңірі. — Жаратқан

Үн қатып, батысқа дейін күншығыстан

Әлемдегі адамзатты шақырған.

2 Мүлтіксіз көрікті Сион тауынан

Құдайдың салтанаты көрініс тапқан.

3 Құдайымыз келеді, Ол үнсіз қалмайды,

Оның алдынан от жалындап жалмайды,

Алапат дауыл айналасында соғады.

4 Құдай көк пен жерді куәлікке шақырады,

Өзі таңдаған халқын соттауға барады:

5 «Қасыма жинаңдар Менің сенімді халқымды,

Құрбандық шалып Өзіммен Келісім жасағандарды!»

6 Көк сонда Оның әділдігін паш етеді,

Себебі соттайтын — Құдайдың Өзі.

7 «Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін:

Саған қарсы куәлік келтіремін,

Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын!

8 Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын,

Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын.

9 Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнан

Яки текелерді шарбақтарыңнан,

10 Өйткені орманның әр аңы Менікі,

Әрі малдар да мыңдаған төбедегі,

11 Барлық құсты білемін таулардағы,

Хайуандар да Менікі даладағы.

12 «Ашықсам» Мен саған айтпас та едім,

Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім.

13 Шалынған бұқаның етін жеймін бе,

Не текелердің қанын ішемін бе?

14 Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,

Берген сертіңді орында Алла Тағалаға.

15 Қиындық көргеніңде шақыр Мені,

Сонда құтқарып аламын сені,

Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».

16 Бірақ Құдай былай дейді арамзаға:

«Қандай қақың бар жарлықтарымды айтуға

Және Келісімімді аузыңа алуға?

17 Алайда сен ескертуімді жек көресің,

Айтқан сөздерімді менсінбей жүресің.

18 Ұрыны көрсең оған қосыласың,

Нәпсіқұмарлармен49:18 Яғни неке адалдығын бұзатын адамдармен. де араласасың.

19 Сенің аузыңнан жамандық шығады,

Тілің өтірікті торлап тұрады.

20 Отырып алып бауырыңды ғайбаттайсың,

Өз анаңның ұлын нақақ жамандайсың.

21 Сен солай істегенде Мен үндемедім,

Сонда Мені өзіңдей есептедің.

Ал қазір Мен сені сақтандырамын,

Күнәларыңды көз алдыңа қоямын».

22 «Құдайын ұмытқандар, ұғыңдар бұл жайды:

Жазалап, паршаласам, ешкім құтқармайды.

23 Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған,

Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам».49:23 Демек, Құдай Өзінің ақ жолымен жүргендерге оларды қалай құтқаратынын ашып көрсетеді.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.