Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 5

Таң ата Құдайдан зұлымдардан қорғауын сұрау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сыбызғылардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2 Уа, Жаратқан Ием, сөзіме құлақ түре гөр,

Қасіретті ойларыма көңіл бөле гөр,

3 Құлақ салсаңшы дауысыма зар жылаған,

О, Патшам, Құдайым менің, сиынамын Саған.

4 Уа, Ием, ертеңгісін ести гөр дауысымды,

Таң ата алдыңа келіп, күтемін жауабыңды.

5 Себебі Сен, Құдайым, зұлымдықты құптамайсың,

Жамандық атаулыны қасыңа жолатпайсың.

6 Мақтаншақтар тұра алмас көз алдыңда Сенің,

Заңсыздық істейтіндердің бәрін жек көресің.

7 Өтірік айтқандардың көзін құртып жібересің,

Уа, Ием, Сен қанішер, опасыздан жиренесің.

8 Ал мен мол рақымыңның арқасында

Өзіңнің киелі үйіңе кіремін,

Қасиетті ғибадатханаңның алдында

Өзіңді терең қастерлеп бас иемін.

9 О, Ием, мені Өзіңнің тура жолыңмен

Жауларыма бола бастап алып жүрші,

Жолыңды Өзің маған белгілеген

Алдымнан анықтап, тегістеп берші.

10 Себебі жауларымның сөздерінде жоқ шындық,

Жүректерінде ағыл-тегіл мол зұлымдық,

Арандары олардың көрдей ашық,

Майда тілдерімен айтады жалғандық.

11 Уа, Құдайым, үкімдерін шығаршы,

Құрған тұзақтарына өздерін құлатшы,

Мол күнәлары үшін қуып шықшы,

Өйткені олар Саған қарсы шықты.

12 Өзіңе үміт артқандар шаттансын,

Лайым қуана мадақтап ән салсын.

Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын,

Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.

13 Уа, Ием, Сен әділдерді жарылқайсың,

Рақымыңмен қалқан іспетті қоршайсың.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.