Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 65

Бар халықтар, Құдайды мадақтайық!

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған ән әрі жыр.)

Бар әлем, Құдайға қуана дауыстаңдар,

2 Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,

Зор ұлылығының даңқын шығарыңдар!

3 Құдай алдында былай деп айтыңдар:

«Қандай керемет Сенің іс-әрекетің,

Һәм қандай ұлы Сенің құдіретің,

Жауларың Сенің алдыңда бойсұнады,

4 Бүкіл жер Саған бас иіп сиынады,

Саған арнап мақтау жырларын айтады,

Есіміңді мадақтап ән салады».

5 Келіп, Құдайдың істерін көріңдер,

Адамдар үшін Ол істейді кереметтер:

6 Құдай теңізді айналдырды құрлыққа,

Оның халқы жаяу өтті арғы жаққа,

Сонда қатты қуандық Құдайымызға.

7 Ол құдіретті күшімен мәңгі билейді,

Халықтарды әрдайым бақылайды,

Қыңырдың бас көтеруіне жол бермейді.

8 Халықтар, Құдайымызды мақтаңдар,

Қатты дауыспен Оны мадақтаңдар!

9 Ол жанымызды аман-есен қорғайды,

Аяғымызды сүрінуден сақтайды.

10 Уа, Құдай, Сен сынақтан бізді өткіздің,

Күмісті балқытқандай тазарта бердің,65:10 11:7.

11 Тұзаққа түсіріп бізді құлаттың,

Арқамызға құлдықтың жүгін арттың,

12 Адамдарды басымызға шығардың,

Оттан да, судан да бізді өткіздің,

Ал ақыры молшылыққа жеткіздің.

13,14 Қасірет кезінде аузымнан шыққан,

Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,

Саған берген сертімді іске асырамын,

Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын.

15 Саған арнап семіз малдарды шаламын,

Қошқар майын өртеп, жұпарын шығарамын,

Бұқалар мен ешкілерді де ұсынамын.

16 Ей, Құдайымызды қастерлейтіндер,

Барлығың келіп, құлақ түріңдер.

Оның маған істегенін сендерге айтамын.

17 Мен Құдайға дауыстап сиындым,

Аузымменен Оның даңқын шығардым.

18 Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам,65:18 Яки: Егер мен күнәмді жақсы көріп, Құдай алдында мойындамасам.

Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан.

19 Расында Құдай құлақ түрді маған,

Сиынғанымда даусым жетті Оған.

20 Мінажатымнан менің бас тартпаған,

Мейірімін менен алып қоймаған

Құдайымыз мадақталсын әрқашан!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.