Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 67

Құдайдың Синайдан Сионға барған жеңімпаз жолы

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.)

2 Құдай көтеріліп, жауларын шашыратсын,

Оны жек көретіндер алдынан қашсын.

3 Түтіннің желмен ыдырайтыны сияқты,

Уа, Құдайым, жауларыңды ыдыратшы,

Балауыздың отқа еритіні іспетті,

Зұлымдарды алдыңнан құртып жіберші.

4 Бірақ әділдер болса, шаттана ән салсын,

Құдай алдында күліп мәз-мейрам болсын.

5 Біздің Құдайымызға ән айтыңдар,

Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,

Бұлттармен жүретін Оны мадақтаңдар,67:5 67:34; 17:10-11; 103:3-4.

Жаратқан Ие — Оның аты, біліп алыңдар,

Көз алдында шат-шадыман болыңдар.

6 Құдай әке болады жетімдерге,

Қорғаушы болады жесірлерге,

Тағында отыр Ол киелі мекенінде,

7 Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,

Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,

Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды.

8 О, Құдай, халқыңды Мысырдан бастап шыққанда,

Айдалада оны ертіп жүріп отырғаныңда,

9 Жер сілкініп, аспаннан жаңбыр қатты құйылды,

Уа, Құдай, көз алдыңда Синай тауында,

Исраил сиынған Өзіңнің алдыңда.

10 Уәделі еліңе, я, Құдай, нөсер жаудырдың,

Кеуіп қалған жерді қайтадан жандандырдың,67:10 64:10-11; Заң 11:10-12,14.

11 Рақыммен халқыңды елде қоныстандырдың,

Уа, Тәңірім, сол кедейлерді Сен қамқорладың.

12 Жаратқан Ие мынаған бұйрық шығарды,

Көптеген қыз-келіншек оны хабарлады:

13 Жау әскері басшыларымен қашып кетеді,

Ауылдағы әйел заты олжаны бөліседі,

14 Мал бағып қораларында қонған солар

Күміс оранып кептер қанатына ұқсар,

Алтын әшекей тағып, мамықтай құлпырар.

15 Құдіретті Құдай патшаларды шашыратты,

Салмон тауында соққан ақ боранға ұқсатты.

16 Құдай жаратқан керемет — Башан тауы,

Шыңдары заңғар биік — Башан тауы.

17 Зәулім шыңдар, қызғанасыңдар не үшін

Құдай тұруға таңдап алған Сион тауын,

Жаратқан Иенің мәңгі мекендейтін тауын?

18 Құдайдың күймелері67:18 103:3-4; Пат4 6:17; Абқ 3:8; Зәк 6:1,5. сан мыңдаған,

Араларында Иеміз шайқасқа аттанған,

Киелі үйіне көшіп келді Синайдан.

19 Сен заңғар биікке көтерілдің,

Көптеген тұтқындарды ертіп жүрдің,

Адамдардан67:19 Немесе: Адамдар үшін. тартулар қабылдадың,

Бас көтергендерден де сыйлықтар алдың,

Құдай Иенің мұнда тұруы үшін.67:19 Немесе: Олардың мұнда тұрулары үшін.

20 Әрдайым Иеміз мадақталсын,

Құтқарушы Құдайымыз даңқталсын:

Жүгімізді көтеріп жүр Ол күн сайын,

Құдайдың Өзі — бізді аман сақтайтын.67:20 Немесе: Құдай бізге көтеріп жүруге жүк артады, ал бізді аман сақтайтын да — Өзі.

21 Құдайымыз бізді қорғап-қолдайды,

Жаратушы Тәңір Ие ажалдан сақтайды.67:21 Яки: Құдай біз үшін — Құтқарушы Құдай. Ажалдың қақпалары (яғни билігі) (құдіреті шексіз) Жаратушы Тәңір Иенің қолында.

22 Құдай жауларының басын талқандайды,

Соғысқұмар, қыңыр қылмыстыларды жояды.

23 Сол жауыздар жайлы Иеміз былай деген:

«Оларды Башан тауынан да алып келем,

Теңіздің ар жағынан да қайтарып әкелем.

24 Сонда аяқтарың жаудың қанын басады,

Әрі иттерің қанды жалап тойынады».

25 Уа, Құдай, Сенің салтанатты шеруің,

Киелі тұрағыңа Сенің кіруің

Көрінеді бар жұртқа, о, Патшам, Құдайым.

26 Әншілер жүр алдында, аспапшылар соңында,

Даңғыра ойнаған қыздар араларында:

27 «Жиындарда Құдайымызды мадақтаңдар,

Исраилдің ұрпақтары, Иемізді даңқтаңдар!»67:27 Немесе: Исраилдің өмірінің бастауы — Жаратқан Иені даңқтаңдар!

28 Кенже Бунямин руы бастап келеді,

Яһуда басшыларының тобы ереді,

Забулон, Нафталим басшылары да жүреді.

29 Уа, Құдай, күш-қуатыңды жинашы,

Бұрын көрсеткен құдіретіңді танытшы,

30 Иерусалимдегі ғибадатханаңа бола

Патшалар Саған сый-тарту әкеледі сонда.

31 Жау халықтарды сөгіп жуасытшы:

Перғауын — қамыстағы хайуан сияқты,67:31 Езк 29:3.

Ал бұзаудай күшсіз ұлттар арасындағы

Бұқалар табынындай — оның әміршілері,

Олар күмістен салық талап етеді.67:31 Немесе: Саған күмістерін әкелулері үшін оларды сөгіп жуасытшы.

Соғысқұмар ұлттарды тарқатып жіберші!

32 Мысырдан жіберілген мырзалар келеді,

Құш елі67:32 Яғни қазіргі Мысырдың оңтүстігін, Судан мен Ефиопияның солтүстігін қамтыған ежелгі Нубия елі (Ест 1:1; Нқм 3:9). де қол созып Құдайға көнеді.

33 Жердегі патшалықтар, Құдайға ән салыңдар,

Иемізді мадақтап ән-жыр айтыңдар,

34 Дәріптеп ежелден аспанда жүрген Иемізді,

Тыңда, зор даусымен Ол күркірейді.

35 Хабарлаңдар Құдайдағы құдіретті!

Исраилдің үстінде Оның салтанаты,

Әрі бұлттардан жоғары күш-қуаты.

36 Құдай киелі үйінде үрей туғызады,

Исраилдің Құдайы халқын нығайтады.

Лайым Құдай мадақтала берсін!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.