Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 71

Құдайдан патшаны жетелеп, жарылқауын сұрау

1 (Сүлейменнің жыры.)

Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр,

Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр,

2 Ол халқыңа әділетпен билік құрсын,

Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын.

3 Қыраттар халқыңа молшылық берсін,

Қырдан олар әділдіктің өнімін терсін.

4 Патша халықтың жарлыларын қорғасын,

Мұқтаждың ұрпақтарын да аман сақтасын,

Ал қанаушыларын басып жуасытсын.

5 Күн мен ай нұрын шашып болмайынша,

Халқың Сені қастерлесін71:5 Немесе: Олар Сенен қорықсын. ұрпақтан ұрпаққа.

6 Игілікті болсын патшаның билігі:

Қайта қаулата өсірген шабындықты

Аспаннан жауған көктемгі жаңбырдай,

Иә, топырақтың шөлін қандырған нөсердей.

7 Патша заманында әділдер өркендесін,

Ай өшпейінше молшылық жайыла берсін.

8 Ол билік құрады теңізден теңізге дейін,

Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін,

9 Құла түздің тұрғындары оған бас ұрады,

Ал жаулары топырақты жалайтын болады.

10 Тарсис71:10 Тарсис: ежелгі Испанияның шығыс жағалауындағы кемежай қаласы (Жүн 1:3). пен аралдардың патшалары

Патшаңа алым-салық төлеп тұрады,

Әрі Себа мен Сәбаның патшалары71:10 Себа: бүгінгі Судан мемлекетінің солтүстік жағында орналасқан ежелгі ел (Иш 43:3). Сәба: Арабия түбегінің оңтүстік жағында орналасқан, Сүлеймен патшаның кезінде Исраилмен тікелей қатынаста тұрған ежелгі ел (Шеж2 9:1; Иш 60:6).

Сый-тартулар әкеліп отырады.

11 Күллі патшалар оған бас иеді,

Күллі ұлттар оған қызмет етеді.

12 Патша құтқарады жалынған мұқтажды

Және қолдаушысы жоқ қаналғанды,

13 Ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды,

Оларды ажалдан аман сақтайды,

14 Әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды,

Олардың қанын қымбат деп санайды.71:14 Яки: Олардың қанын маңызды деп санайды (115:6).

15 Ғұмыры патшаның ұзақ болсын,

Оған Сәбаның алтынынан сый тартылсын,

Лайым жұрт патшасы үшін мінажат қылсын,

Күн сайын жарылқануы үшін Тәңірге сиынсын!

16 Жердің беті егінге тола берсін,

Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін,

Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын,

Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін.

17 Патшаның есімі мәңгілікке ұлассын,

Күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын,

Ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын,

Есімі оның үздіксіз мақталатын болсын!

18 Лайым мадақталсын Исраил сиынатын Құдай,

Тек Жаратқан Ие — керемет жасайтын Құдай!

19 Оның даңқты есімі мәңгі дәріптелсін,

Күллі жер Оның салтанатына кенелсін.

Аумин, иә, аумин.

20 (Есей ұлы Дәуіттің мінажаттары осымен аяқталады.)

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.