Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 74

Әлемді әділ соттаушы Құдайға сенім арту

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме!» әуенімен айтылатын Асафтың әні әрі жыры.)

2 Саған мақтау айтамыз, уа, Құдайым!

Сені дәріптейміз, бізге жақынсың,74:2 Яки: Сені даңқтаймыз, есімің бізге жақын.

Паш етіледі керемет істерің.

3 Сен былай дедің: «Кезін Мен белгілеймін,

Әділетті сотты Өзім жүргіземін.

4 Шайқалады жер күллі тұрғындарымен,

Тіреулерін оның берік ұстаймын Мен».

5 «Бөсуіңді тоқтат!» — дедім мақтаншаққа,

«Жұдырығыңды74:5 Немесе: мүйізіңді. (Бұқаның мүйізі оның зор күшін бейнелегеніндей, мұнда «мүйіз» адамның қара күшіне меңзейді: 74:10; Заң 33:17; Пат1 2:1.) көтерме! — дедім арамзаға, —

6 Көкке қарсы да жұдырығыңды көтерме,

Тоңмойын болып паңдана сөйлеме!»

7 Шығыс, батыс не айдаладан келген

Ешкім басқаны жоғарылатпас шынымен,

8 Себебі сотты Құдайдың Өзі жүргізеді,

Ол біреуді түсіріп, басқаны көтереді.

9 Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған»,74:9 Шарапқа толы тостаған осында Құдайдың зұлымдарға деген қаһарын астарлап білдіреді (Иш 51:17).

Іші дәмдеуіштермен араласқан

Көпірген «жаңа шарапқа» толған.

Оны құйып береді Жаратқан,

Бар зұлымдар ішуге тиіс содан,

Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан.

10 Ал мен Иемнің істерін мәңгі паш етемін,

Жақыптың сиынған Құдайын әндетемін,

11 Өйткені Құдай Иеміз былай деген:

«Мен зұлымдарды күшінен айырамын,

Ал әділдің күш-қуатын молайтамын!»74:11 Немесе: Мен зұлымдардың мүйіздерін сындырып тастаймын, ал әділдердің мүйіздері жоғарылатылады (74:5).

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.