Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 75

Жеңімпаз Құдайға арналған мадақтау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)

2 Құдай танымал Яһуда елінде,

Оның аты қастерлі Исраилде,

3 Тұрағы Оның Иерусалимде,

Киелі үйі Сион төбесінде.

4 Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,

Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.

5 Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі

Сен салтанаттысың әрі құдіретті.75:5 Немесе: Ежелден болып келген таулардан гөрі Сен құдіреттісің әрі нұрлы салтанатқа бөленгенсің (4:7; 17:13,15; 103:2; Мыс 13:21; 19:16; 20:18).

6 Тоналды батыл жүректі ер адамдар,

Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,

Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.

7 Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,

Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,

Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:

Соғыс күймелері және аттары.

8 Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда

Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?

9,10 Жердегі бейшара жандарды құтқаруға

Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,

Көктен үкім шығардың күнәкарларға,

Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.

11 Пенденің ашуымен де даңқталасың,

Оның қалған ашуын Өзің басасың.

12 Ей, айбатты Құдайдың75:12 Яки: Үрейлі (әрі терең қастерленуге лайық) Құдайларың — Жаратқан Иенің. маңындағылар,

Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар,

Әрі соларыңды мұқият орындаңдар,

Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!

13 Ол әміршілердің батылдығын жояды,

Жер патшаларының үрейін ұшырады.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.