Адамға салтанат сыйлаған Жаратқан Иені мадақтау
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің8:1 Яки: ішекті аспаптың. сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,
Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің
Сондай айбынды да даңқты есімің!
Көктен биік мерейіңді өсірдің.
3 Балалардың, кішкене бөбектердің
Аузымен Өзіңді дәріптетесің.8:3 Немесе: Өзіңнің құдіретіңді дәріптетесің.
Дұшпандарыңа бола солай істейсің,
Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.
4 Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,
Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға
Назар аударған әрбір уақытымда
Мынадай сұрақтар туады ойымда:
5 Өзің ескеретіндей адам сонша кім,
Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
6 Оны көктегілерден8:6 Яки: періштелерден. Немесе: Құдайдан. сәл төмен қойдың,
Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.
7 Сен адам баласын билеуші еттің
Қолыңнан шыққан бар жаратылысқа.
Бәрін де оған бағындырып бердің:8:7 Немесе: оған аяқ асты қылып бердің (Жар 1:28).
8 Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да,
Даладағы жабайы аңдарды да,
9 Самсаған құс пен судағы балықты,
Теңіз ағыстарымен жүзгендерді
Табыстадың Сен оның қол астына.
10 Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,
Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің
Сондай айбынды да даңқты есімің!