Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 80

Құдайдың опасыз халқын Өзіне қайтуға шақыруы

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық күй аспабының сүйемелдеуімен айтылатын Асафтың жыры.)

2 Күш-қуатымыз — Құдайға шаттана ән салыңдар,

Жақып сиынған Құдайға қуана айқайлаңдар,

3 Ән-жырлар айта бастап, даңғыраны соғыңдар,

Домбыра, жетігенмен әсем әуен тартыңдар!

4 Жаңа ай туғанда кернейде ойнаңдар,

Ай толғанда да тойымызды жариялаңдар.80:4 Күркелер мейрамы жетінші айдың ортасында (қазанның басында) басталатын. Мұны және әрбір айдың бірінші күнін керней тартып жариялайтын (Леу 23:24; Рул 10:10; 29:6).

5 Өйткені бұл — Исраил халқының міндеті,

Жақып сиынған Құдайдың берген ережесі.

6 Жаратқан Иеміз Мысырға қарсы шыққанда,

Осыны бұйырды80:6 Яки: Осыны куәлікке орнатты. Жүсіптің ұрпағына,

Біз бөтен тілді естіген уақытта.80:6 (113:1) Немесе: Бейтаныс дауысты естіген уақытымда.

7 (Жаратқан былай деп білдірді бұйрығын:)

«Иықтарыңнан ауыр жүкті алып тастадым,

Қолдарыңды көтерген себеттен босаттым.80:7 Олар себетпен балшық тасып, азап шеккен еді (Мыс 1:14; 3:7-10; 14:30).

8 Қиын кезде айқайлап сиындыңдар Маған,

Сонда сендерді азат етіп алдым аман.

Күннің күркірінен сендерге құлақ салғам,

Меріба сулары маңында сендерді сынағам.80:8 Мыс 17:1-7; 19:16-19.

9 Халқым, Мені тыңда, сендерге ескертемін,

Игі болар, Исраил, Маған құлақ түргенің!

10 Ешқандай да бөгде тәңірлерің болмасын,

Құлшылық етпеңдер жат тәңірлерге ешқашан!

11 Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін,

Мысыр елінен алып шыққан Иелеріңмін.

Ал енді, ауыздарыңды ашыңдар айқара,

Мен оларды толтырамын жақсылыққа.

12 Бірақ таңдаған халқым Мені тыңдамады,

Исраилдің ұрпағы Маған бағынбады,

13 Сондықтан Мен қасарысқан жүректеріне

Жол бердім өз беттерімен жүрулеріне.

14 Халқым Менің сөзіме құлақ салса екен,

Исраилдің ұрпағы жолыммен жүрсе екен!

15 Онда Мен жауларын лезде жуасытар едім,

Қинаған дұшпандарына қол жұмсар едім,

16 Өзімді жек көргендер Маған бағынғансыр еді,

Ал азапты уақыттары мәңгіге созылар еді.80:16 Немесе: Мені, Жаратқан Иені, жек көргендер (халқыма) мойынсұнғансыр еді. Сонда (халқымның өз еліндегі игілікті) уақыттары мәңгіге созылар еді.

17 Бірақ сендерді жақсы бидаймен тойдырар едім,

Жартастағы балмен80:17 Заң 32:13. рақатқа қандырар едім».

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.