Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 82

Құдайдан мықты жаулардан құтқаруын сұрау

1 (Асаф сөзін жазған ән әрі жыр.)

2 Уа, Құдайым, үндемей қала берме,

Тіл қатпастан тып-тыныш бола көрме,

3 Себебі жауларың у-шу көтеруде,

Сені жек көретіндер өркөкіректенуде.

4 Халқыңа қарсы олар сұмдық ойласуда,

Өзіңе қымбат жандарға82:4 Яғни Өзің жоғары бағалаған жандарға (16:14). Немесе: Өзіңді паналаған жандарға. қарсы ақылдасуда:

5 «Кәне, құртайық оларды ұлттар арасынан,

Исраил аталмасын енді қайтып ешқашан».

6 Бірауыздан олар сөз байласып

Жатыр, Саған қарсы одақ құрып:

7 Шатырларда тұрған едомдықтар,

Ысмағұлдық, моабтық, ажарлықтар,82:7 Шеж1 1:29,31; 5:10,19.

8 Гебалдық, аммондық, амалектіктер,

Тирдің тұрғындары мен філістірлер.

9 Ассурдың халқы да оларға қосылды,

Луттың ұрпақтарына82:9 Яғни Аммон мен Моаб халықтарына (82:7-8; Заң 2:9). қолдаушы болды.

10 Сен ежелде Мадиян тайпасына,

Сисара мен Ябинге Қишон аңғарында

Істегеніңдей82:10 Бил 4:7; 5:20-21. істеші жауларымызға!

11 Сол байырғылар Ендорда талқандалды,

Төгілген қи-қоқыстай жерге тапталды.

12 Істеші жаулардың әміршілеріне

Ежелде істегеніңдей Ориб пен Зипке,

Істеші олардың бар көсемдеріне,

Өзің істегеніңдей Салман мен Зебейге,82:12 Бил 7:25; 8:12,21.

Өйткені жау былай деді біз жөнінде:

13 «Құдайдың мекендерін иемденейік,

Жайылымдарын қолға түсірейік!»

14 Зұлымдарды етші құйын соққан тозаңдай,

О, Құдайым, жел ұшырған сабандай

15 Әрі от жалмап қойған ормандай,

Жалын күйреткен қырат басындай.

16 Дұшпанды қуып шықшы елден құйыныңмен,

Дүрбелеңге түсірші Өзіңнің дауылыңмен,

17 Уа, Жаратқан, жауды қара бет қылып масқарала,

Олар Саған бұрылып, сиынсын атыңа.

18 Ал қыңырлары лайым қысылып абыржысын,

Олар қорланып, ақырында өлім құшсын,

19 Жаратқан Ие деп аталған жалғыз Сенің

Бүкіл жер бетіне билік жүргізетін

Хақ Тағала екеніңді барлығы білсін!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.