Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 9

Зұлым жаумен күрескен адамның мінажаты

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ұлдың қазасы» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2 Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын,

Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.

3 Ұдайы Саған қуанып шаттық ән шырқаймын,

Уа, Хақ Тағала, есіміңді Сенің жырлаймын.

4 Жауларым шегініп, кері қарай бұрылады,

Алдыңда сүрініп құлап, ойран да болады.

5 Себебі дауымда Сен мүддемді қорғадың,

Тағыңда отырып әділ шешім шығардың.

6 Халықтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың,

Есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың.

7 Жау қару-жарағынан ада қалып, жойылды,

Сен қиратқан қалалары із-түзсіз жоғалды.

8 Рас, Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді,

Ол өз тағын орнатып, төрелік етеді.

9 Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,

Халықтарға ақиқат шешім шығарады.

10 Қаналғандарға Жаратқан пана болады,

Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,

11 Сені шын білетіндер9:11 Яки: Есіміңді (яғни Өзіңді) жақыннан танып білетіндер. Саған сенім артады,

Ием, тастап кетпейсің Өзіңе сиынғанды.

12 Сионда тұратын Жаратқанға ән шырқаңдар,

Оның ғажап істерін бар ұлттарға айтыңдар!

13 Төгілген қанды ұмытпайтын Ол ескереді,9:13 Яки: Төгілген қан туралы жауап алатын Жаратқан Ие бар жайттарды ескереді.

Жәбір шеккеннің айқайына құлағын түреді.

14 Уа, Жаратқан Ие, маған рақым таныта гөр,

Жек көрген жаулардан қиналғанымды байқай гөр,

Ажалдың аранынан мені арашалай гөр.

15 Сонда қақпаларында Сион шаһарының

Өз ұлылығыңды ұдайы марапаттаймын,

Мені құтқарғаныңа қуана ән шырқаймын.

16 Басқа ұлттар қазған өз орларына құлады,

Құрған қақпандарына өздері ұсталды.

17 Ием әділ үкім айтып, Өзін ашық танытты,

Зұлымдар айлалы істерінің кесірін тартты.

18 Жамандық жасаушылар ажалға душар болады,

Құдайды менсінбеген ұлттар соған тап болады.

19 Ал мұқтаж жан біржола ұмытылып кетпейді,

Бейшараның үміті мүлдем зая кетпейді.

20 Уа, Ием, көтерілші, пенде жеңіп шықпасын,

Халықтарға көз алдыңда үкім шығарылсын!

21 Жай пенде екендерін халықтар ұғып алсын,

Оларды дірілдетіп қорқытсаң, о, Жаратқан!

22  9:22 9:22-39 аяттары бірнеше шетелдік аудармаларда 10:1-18 болып белгіленген. Уа, Жаратқан Ие, неге менен алыстасың?

Басыма күн туғанда неге жасырынасың?

23 Жарлыларды паңдана қудалайды зұлымдар,

Өз айлалы істерінен ұсталсын сондайлар!

24 Арсыз жан құмарлығын тіпті мақтан етеді,

Ашкөз де дандайсып Жаратқанды менсінбейді,

25 Зұлым тәкаппарланып, Тәңірге бет бұрмайды,

Күллі ой-пікірінде «Құдай жоқ!» деп санайды.

26 Ұдайы іс-әрекеттері табыс келтіреді,

Сенің сотың тым биікте, алыс боп көрінеді.

Зұлым барлық дұшпанын келекелей береді.

27 «Шайқалта алмас мені еш нәрсе, — деп ойлайды, —

Күллі ұрпақтарыма да пәле жоламайды».

28 Аузынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық,

Айтқандары түгелдей зорлық пен зұлымдық.

29 Аула артында тасада аңдып отырады,

Бас салып тұтқиылдан, жазықсызды құртады.

Қорғансыз жанға көз сүзіп, отырады қарап,

30 Тасадағы арыстандай тосады тығылып,

Бейшара жарлыны ұстауға жатады аңдып,

Байғұсқа бас салып, түсіреді торына тартып.

31 Шарасыз бейбақ жеңіліп, жерге құлап түседі,9:31 Немесе: Ол бүгіліп, жерге жата кетеді.

Жауының мықты тырнақтарына ілігеді.

32 Зұлым жан: «Құдай ұмытып кетті, — деп ойлайды, —

Ол көзін жұмып, ешқашан назар аудармайды».9:32 Соф 1:12; Езк 8:12; 9:9.

33 Уа, Жаратқан Ие, орныңнан көтеріле гөр,

Құдайым, қол созып, қаналғанды ескере гөр!

34 Зұлымдар неліктен Құдайды қорлай алады?!

«Жауапқа тартпайды» деп неге ойлай алады?!

35 Ал көрсеткен жәбірлерін Сен байқап келесің,

Зорлықтарын бақылап, жазаларын бересің.

Кедей Саған сенеді, жетімге де тірексің.

36 Сол сұрқия зұлымдардың қолдарын сындыршы,

Сұмдық істерін тексеріп, із-түзсіз жоқ қылшы!

37 Жаратқан Ие мәңгі бақи Патша болады,

Бойсұнбайтын ұлттар9:37 Яки: Жалған тәңірлерге сиынушы ұлттар. Оның елінен жоғалады.

38 Назар аударасың күшсіздердің аңсауына,

Уа, Ием, құлақ салып, жігер бересің оларға,

39 Жетім мен қиналған жанның мүддесін қорғауға,

Сұм пенденің9:39 Яки: Осы (күнәкар) дүниелік адамның. оларды қайтып қорқытпауына!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.