Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 90

Алла Тағаланың панасында қауіпсіз болу

1 Алла Тағаланың панасында тұрған адам

Құдіреттінің90:1 Яки: Құдіреті шексіз Құдайдың (67:15; Әйүп 33:4; Езк 1:24). саясынан табады тыным.

2 Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:

Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,

Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!

3 Хақ Тағала сені зұлымның тұзағынан

Әрі жойқын обадан90:3 Яки: ажалды ауру-жарадан (індеттен). сақтайды аман.

4 Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады,

«Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы,

Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.

5 Түнде сен қара түнек қорқынышынан,

Күндіз де қорықпайсың жау оғынан,

6 Сескенбейсің түнгі індет-аурудан

Һәм тал түсте басыңа төнген апаттан.

7 Қасыңда мыңдағандар қаза тапса,

Оң жағыңда он мыңдап қырылғанда,

Саған зақым жақындай алмайды да.

8 Тек болып жатқанды көріп тұрасың,

Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.

9 Сен Жаратқанға сенім артып келесің,

Алла Тағаланы панаң етесің,

10 Басыңа енді жамандық түспейді,

Үйіңе ешбір апат та төнбейді.

11 Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:

Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді,

12 Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін

Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.

13 Жас арыстан мен оқжыланды90:13 Немесе: улы сұр жыланды (57:5-6; Иш 11:8). аяқпен таптайсың,

Үлкен арыстан мен абжыланды90:13 Немесе: айдаһарды. жаншып тастайсың.

14 Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан:

«Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын,

Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын,

15 Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,

Азап шеккен кезінде оған жар боламын,

Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін.

16 Ғұмырын ұзақ қылып риза етемін,

Құтқаруымды оған сыйлап беремін».90:16 Немесе: Өмір бақи рухани игілікке бөлеп, құтқаруымды оған ашық көрсетемін.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.