Ұлы Патшаның мәңгілік билігі
1 Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,
Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.92:1 Немесе: құдіретпен белін бекем буған.
Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,
2 Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,
Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.
3 О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді,
Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,
4 Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,
Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі
Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!
5 Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді,
Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.