Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 94

Жаратқан Иені дәріптеп, Оған мойынсұнуға шақыру

1 Келіңдер, Жаратқан Иеге арнап

Әндетейік қуана-қуана жырлап,

Жартастай мықты Құтқарушымызға

Сиына берейік қатты дауыстап!

2 Бәріміз Иеміздің алдына барып,

Ризашылығымызды білдірейік,

Ән-күймен де Оған мақтау айтып,

Даңқын Оның асыра берейік!

3 Себебі Жаратқан Ие — ұлы Құдай дағы

Һәм ұлы Патша — бар «тәңір, пірден»94:3 Немесе: бар жалған «тәңірлерден» (яки: тәңірсымақтардан) үстем Патша (Иш 44:10-20; 46:5-8; Ерм 10:11,14:15). тым жоғары!

4 Бәрі Оның қолында: жердің тұңғиықтары,

Әрі меншігі Оның — зәулім тау шыңдары,

5 Теңіз де Иеміздікі — Өзі соны жаратқан,

Құрлықтың барлығы да Оның қолынан шыққан!

6 Келіңдер, тағзым етейік Иемізге иіліп,

Жаратушымыздың алдында тіземізді бүгіп!

7 Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,

Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымыз

Әрі қамқорындағы отары сияқтымыз.94:7 77:13.

Бүгін сендер Оның даусын естігенде,

8 Мерібада істегендерің секілді

Қасарыстырмаңдар жүректеріңді:

Ежелде айдалада жүрген кезде

Масадағы94:8 Меріба деген жер атының мағынасы — «Ұрсу, бас көтеру», ал Масанікі — «Еркінсіп сынау» (Мыс 17:7). бас көтергендерің іспетті

Қайтадан солай істемеңдер енді!

9 Сендердің ата-бабаларың сол жерде

Көріп жүрсе де керемет істерімді,

Еркінсіп сынай берді төзімімді.

10 Бұл ұрпаққа қырық жыл ашуландым,

Сонымен былай деп қорыттым:

Жүрек қалаулары теріс бағыттағы

Осы халық тағылымымды94:10 Яки: Менің тәлімімді. Немесе: Менің оларды жүргізбек жолдарымды. қабылдамады!

11 Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:

«Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған

Елге кірмейді олар енді ешқашан!»

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.