Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 95

Күллі әлем, ән-жыр айтыңдар Иемізге!

1 Шырқаңдар жаңа ән Жаратқан Иеге,

Күллі әлем, ән-жыр айтыңдар Иемізге!

2 Ән салып Оның есімін мадақтаңдар,

Бізді құтқарғанын күн сайын хабарлаңдар,

3 Халықтарға паш етіп Оның ұлылығын,

Бар ұлттарға Иеміздің кереметтерін!

4 Иеміз ұлы, мадақталуға әбден лайықты,

Оны қастерлеу қажет бар «тәңір, пірден» гөрі.

5 Өзге ұлттар табынған «тәңірлер» жалған,

Ал Жасаған Ие аспанды жаратқан!

6 Сән-салтанат, ұлылық Оның алдында,

Құдірет пен әсемдік киелі тұрағында.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também