Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 96

Жаратқан Ие әлемге әділ патшалық құрады

1 Жаратқан Ие патшалық құрады,

Қуанып шаттансын бүкіл жер шары,

Көп аралдар әрі теңіз жағалары!

2 Бұлт пен түнек — айналасы Оның,

Шындық пен әділдік — негізі тағының.96:2 Яғни Оның билігінің негізі.

3 Жаратқанның алдында от жүреді,

Айналдыра ол жауларын құртып өртейді.

4 Найзағайы әлемді жарқыратады,

Жер беті соны көріп, шайқалады.

5 Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,

Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,

Балауыз іспетті ериді таулар сонда.

6 Аспан Оның әділдігін паш етеді,

Күллі ұлттар ұлылығын көреді.

7 Жалған тәңірлерімен мақтанғандар

Ұялсын, сол мүсіндерге табынғандар.

Жаратқанға бас иіңдер, барлық пұттар!96:7 Адамдардың соқыр сеніммен табынған пұттары, яғни жалған тәңірлері мен солардың бейнелері, осында Жаратқан Иеге бас иіп мойынсұнуға шақырылады. Әрине, бұл — өткір сықақ.

8 Сион шаһары естіп, шаттанады,

Яһуда қалалары да қуанады

Сенің шешімдеріңе, о, Жаратушы!

9 Жоғарысың бүкіл әлемнен, уа, Жаратқан,

Үстемсің барлық «тәңір, пір» атаулыдан.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também