Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 98

Әлемнің ұлы Патшасы — Жаратқан Иеміз

1 Жаратқан Иеміз патшалық құрады,

Керубтер арасындағы «тағында» отырады.98:1 Екі керуб мүсіні орнатылған Келісім сандығының алтын қақпағы ежелде «Жаратқан Иенің жер бетіндегі тағы» деп те аталатын. Келісім сандығы бастапқыда киелі шатырдың, ал кейін киелі үйдің ең қасиетті бөлімінде орналасқан еді (79:1; Мыс 25:18,22; 40:20,21; Шеж2 3:10; 5:13-6:2; 7:15).

Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын,

Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын!

2 Жаратушы Сионда салтанатпен тұрады,

Оның даңқы бар халықтардан жоғары.

3 Уа, Ием, ұлы да айбарлы98:3 Яки: қастерлі, үрейлі. есіміңді

Халықтар мадақтасын: ол киелі!

4 Құдіретті патша, ұнатасың әділдікті,

Сен жер бетіне орнаттың әділетті.

Жақыптың үрім-бұтағына шындықты

Бекіттің, уа, Ием, және адалдықты.

5 Мақтау айтыңдар Иеміз — Құдайға:

Ол киелі! «Табан тіренішінің» алдында98:5 Яғни Сиондағы киелі үйінің алдында (Шеж1 28:2-3).

Бас иіп ғибадат етіңдер Құдайға!

6 Оның діни қызметкерлерінің арасында

Мұса мен Һарон болды ежелгі заманда.

Атын атап Оған сиынғандар арасында

Самуил пайғамбар да болды баяғыда,

Жаратқан құлақ салды олар сиынғанда.

7 Бұлт бағанасынан98:7 Яғни бағана тәрізді нұрлы бұлттан (Мыс 33:9-11; Рул 12:5). Ол сөзін жолдады,

Ережелер мен жарлығын жариялады,

Ал халық соларды сақтап орындады.

8 Уа, Құдай Иеміз, оларға құлақ салдың

Әрі кешірім беретін Құдайы болдың,

Ал зұлым істерін жазалайтынсың.98:8 Немесе: Ал оларға зұлымдық істегендерді жазалайтынсың.

9 Құдай Иемізді даңқтап дәріптеңдер,

Қасиетті тауында Оған бас иіңдер,

Құдай Иеміз киелі, соны біліңдер!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.