Әділ патшаның анты
1 (Дәуіттің жыры.)
Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын,
Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын.
2 Мінсіз жүру жайлы мұқият ойлаймын,
«Қашан маған келесің?» деп сұраймын,
Таза жүрекпен үйімді100:2 Яки: сарайымды (100:7). аралаймын.
3 Арам нәрселерге еш көз салмаймын,
Опасыздардың100:3 Ош 5:2. істерін мүлдем ұнатпаймын,
Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.
4 Азғын жүректіні қасымнан қуамын,
Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
5 Өзгені құпия жамандайтынды жоямын,
Паң көзді, өркөкірекке төзе алмаймын.