Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 102

Жаратқан Иенің шексіз рақымы туралы жыр

1 (Дәуіттің жыры.)

Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын,

Шын жүректен қасиетті атын ардақтаймын.

2 Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын,

Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын.

3 Ол бар күнәларымды кешіріп,

Дерттерімнің бәрін сауықтырады,

4 Ажалдан жанымды аман қалдырып,

Рақымы мен мейірімін сыйлайды,

5 Тілегімді жақсылықпен қанағат қып,

Қырандай мені қайта түлетеді.

6 Иеміз жәбір көргендердің барлығына

Әділдік жеткізіп, мүддесін қорғайды да.

7 Ақиқат жолдарын танытты Ол Мұсаға,

Кереметтер жасады Исраил халқына.

8 Жаратқан — мейірбанды да рақымды,

Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды.102:8 85:15.

9 Ол бізді ұдайы айыптамайды,

Мәңгі бақи кек те сақтамайды,

10 Бізді күнәмізге қарап жазаламайды,

Жаман ісіміздің есесін қайтармайды.

11 Аспан жерден қанша жоғары болса,

Жаратқанның Өзін терең сыйлағандарға

Жаудыратын рақымы сонша мол да!

12 Шығыс батыстан тым қашық болғаны сияқты,

Ол заңсыз істерімізді бізден зор қашықтатты.

13 Әкенің сәбиіне жаны ашығаны іспетті,

Жаратқан Иеміз де Өзін қастерлегендерге

Дәл сондай мейірім мен жанашырлық көрсетеді.

14 Неден жаратылдық, соны түгел біледі,

Топырақтан екеніміз Оның есінде.102:14 Жар 2:7; 3:19.

15 Адамның өмірі көк шөп секілді,

Ол гүлдейді дала гүлі тәрізді:

16 Ыстық жел соғып өтсе, ғайып болар,

Тұрған жеріне беймәлім боп жоғалар.102:16 Иш 40:7; Әйүп 7:10; 8:18; 20:9.

17 Ал Өзін терең қастерлеген жандарға

Жаратқанның рақымы мәңгі жауады да.

18 Иемізбен жасасқан Келісімін бұзбайтын,

Оның бұйрықтарын есінде сақтайтын,

Әрі солар бойынша жүріп-тұратын

Адамдардың келер ұрпақтарына дағы

Құдайдың әділдігі жетіп тұрады.

19 Жаратқан Ие көкте орнатты өз тағын,

Оның Патшалығы билейді барлығын.

20 Уа, Иеміздің сөзіне құлақ салатын,

Оның айтқанын іске асыратын,

Құдіреті күшті періштелері,

Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!

21 Уа, Иеміздің еркін орындайтын

Көктегі топтары, қызметшілері,

Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!

22 Уа, Оның Патшалығының бар орындарында

Жүретін күллі жаратқандары да,

Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!

Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын да.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.