Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 103

8 Таулардан асып, аңғарларға түсті,

Белгілеген жеріңе қарай ағып кетті.103:8 Немесе: Таулар көтеріліп, аңғарлар Өзің белгілеген жерге (яки деңгейге) төмендеп түсті.

9 Сен суларға сонда берік шек қойдың,

Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың.103:9 32:7; Жар 1:2,9-10; 9:15.

10 Сен сайларға ағызасың бұлақтарды,

Өзендер тау арасымен құйылады,

11 Дала аңдарын олар суға қандырады,

Құландар да103:11 Немесе: Жабайы есектер де. одан шөлін басады.

12 Құстар су жағасына ұя салады,

Бұтақтар арасынан ән айтады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também