8 Құдай былай деді киелі мекенінен:
«Мен шаттанып Сихемнің жерін бөлшектеймін,
Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.107:8 59:8; Жар 12:6; 33:17-19; Пат1 12:25; Шеж2 4:17.
9 Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,
Ефрем руы болады басты қорғаным,
Яһуда руынан шығады патшаларым.107:9 Яки: Ефрем (руы) — басымдағы дулыға (іспетті), Яһуда — Менің (патша) таяғым. (Патша таяғы не асатаяғы патшалық биліктің белгісі болатын: Жар 49:10.)