Құдайдың сөзіне мойынсұнып, ризашылық білдіру
1 118:1 Түпнұсқадағы сегіз аяттан топтастырылған жыр шумақтарының әрбір аятының алғашқы сөзі бірдей әріппен басталған. Бұл әріптер түпнұсқада әліпби ретімен орналасқан, мысалы алғашқы сегіз аят «а» әрпімен басталса, келесі «б»-мен басталған, т.с.с. Аудармада мұны дәл сондай мәнермен беру, әрине, мүмкін емес. Пәк таза да тура жолмен жүріп,
Жаратқанның тәліміне бағынғандар бақытты!118:1 Яки: Жаратқан Иенің Таурат заңына (яки: тағылымына) сай жүретіндер жарылқанады!
2 Иеміздің ережелерін118:2 Яки: Оның Тауратта ашық білдірген куәліктерін (заңдарын) (25:10; 118:22; Заң 4:45; 6:17). ұстанып,
Шын жүректен Оған бет бұрғандар бақытты!
3 Олар әділетсіздік істемейді,
Тек Жаратқанның жолымен ғана жүреді.
4 Ием, тұрақты орындауымыз үшін,
Өз бұйрықтарыңды шығарған едің.
5 Сенің жарлықтарыңа118:5 Яки: Сенің ережелеріңе (49:16; 118:8; Заң 4:1). бағынып мен
Жүре берсем, шіркін, тура жолыңмен!
6 Сонда ден қойып бар өсиеттеріңе,
Ешқашан масқара болмас та едім.
7 Әділ шешімдеріңді үйренгенде
Сені дәріптеймін таза жүрекпен.
8 Мен жарлықтарыңды ұстана берем,
Жалғыз қалдыра көрме мені мүлдем.
9 Жастар қалай таза жолмен жүре алады?
Сөзіңе бағынып соны істей алады.
10 Шын жүректен Саған бет бұрып келемін,
Тайдыра көрме мені өсиеттеріңнен.
11 Күнә жасамауым үшін Саған қарсы,
Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды.
12 Даңқталуға лайықсың,118:12 Яки: Сені мақтайтын боламын. уа, Жаратқан,
Үйрете гөр жарлықтарыңды118:12 Яки: ережелеріңді (118:5). маған.
13 Мен дауыстап айтып та отырамын
Бар шешімдеріңді Өзің шығарған.
14 Жұрт шаттана қуанғандай мол байлыққа,
Мен ережелеріңмен жүремін шаттана.118:14 Немесе: Мен ережелеріңнің жолымен жүріп, барлық байлыққа шаттанғандай қуанамын.
15 Бұйрықтарың жайлы терең ойланамын,
Сенің жолыңа мұқият ден қоямын.
16 Жарлықтарыңды қуана орындаймын,
Сөздеріңді ешқашан ұмытпаймын.
17 Уа, Ием, мол мейірім көрсете гөр маған,
Сонда аман болып, сөзіңді сақтай аламын.118:17 Немесе: Қызметшіңе мол жақсылық істей гөр, сонда рухани өмір сүріп, сөзіңді ұстанатын боламын.
18 Рухани көзімді аша гөр менің,
Тәліміңнен кереметтер көрейін.
19 Бұ дүниеде жат жерлік кірмедеймін.118:19 (38:13; 118:54; Леу 25:23; Шеж1 29:15) Яки: жат жұрттық келімсек іспетті тұрамын.
Өсиеттеріңді жасыра көрме менен.
20 Шешімдеріңді үйренуді сағынып,
Жаным әрдайым шөліркейді зарығып.118:20 41:1-2; 62:2; 83:3; 118:40; 118:131.
21 Сөгіп ескертесің тәкаппар адамдарды,
Өсиеттеріңнен тайған сол қарғалғандарды.
22 Масқара, қорлықты алып тастай гөр менен,
Ережелеріңді ұстанып келемін мен.
23 Әкімдер118:23 Яки: Басшылар (Әміршілер). жиналып, мені өсектегенмен,
Жарлықтарың жайлы толғанамын, уа, Ием.
24 Ережелеріңнен рақат табамын,
Олар маған ақыл береді әрдайым.
25 Ажал аузында жанымның жатқаны-ай,
Аман сақтай гөр берген уәдеңе сай!118:25 (43:26) Немесе: Күшімнен ада болып, шаң-тозаңда жатырмын, өз сөзіңмен жанымды жаңарта гөр!
26 Жүрген жолдарымды айтып бергенімде
Өзің құлақ салып, жауап бердің де,
Жарлықтарыңды маған үйрете гөр енді.
27 Ұқтыра гөр бұйрықтарыңның мағынасын,
Кереметтерің жайлы терең ойланамын.
28 Жаныма қайғы батып, шаршап-шалдыққам,
Уәдеңе сәйкес күш сыйлай гөр маған.
29 Тәліміңді118:29 Немесе: Таурат заңыңды. маған сыйлап рақымменен,
Жалғандық жолын алшақтата гөр менен.
30 Шындық жолымен жүруді таңдап алдым да,
Шешімдеріңді ұстаймын мен көз алдымда.
31 Берік ұстанамын Сенің ережелеріңді,
Уа, Жаратқан, ұятқа қалдыра көрме мені.
32 Менің жүрегімді азат еттің Сен,
Жүремін өсиеттеріңнің жолымен.
33 О, Ием, үйретсеңші жарлықтарыңның жолын,
Оны соңына дейін берік ұстанбақпын.
34 Түсінік сыйлашы, тәліміңді118:34 Немесе: Таурат заңыңды. сақтамақпын,
Оған шын жүректен мойынсұнбақпын.
35 Жүргізе гөр мені өсиетіңнің жолымен,
Содан зор қуаныш тауып келемін мен.
36 Жан дүнием пайдақорлыққа салынбасын,
Оны ережелеріңе құштар етсең, шіркін!
37 Бос нәрселерге түсірмей көзімді,
Өз жолыңда жаңарта гөр өмірімді.118:37 Немесе: Көзіме құр әбігерді көрсетпей, берген сөзіңе сай маған рухани өміріңді дарыта гөр.
38 Ием, орындай гөр маған берген сөзіңді,
Содан бәрі терең қастерлесін Өзіңді.
39 Менен алшақтата гөр үрейлі масқараны,
Себебі шешімдерің сондай жақсы!
40 Қалаймын бұйрықтарыңа бағынуды,
Әділдігіңмен сергіте118:40 Яки: жаңарта. гөр жанымды.
41 Уа, Жаратқан, маған рақымыңды түсіре гөр,
Берген сөзіңе сай мені құтқара гөр.
42 Сонда сөккенге жауап бере аламын,
Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
43 Шындық сөзін алып қойма аузымнан,
Шешімдеріңе үмітімді артамын,
44 Тәліміңді мен ұдайы ұстанамын,118:44 Яки: Өзің берген Таурат заңына бағынамын.
Әрдайым оны орындайтын боламын.
45 Содан жүрісім де болады емін-еркін,
Себебі бұйрықтарыңа бет бұрып келемін.
46 Патшалар алдында ережеңді айтамын,
Сонда ешқандай қаймықпайтын боламын.
47 Өсиеттеріңді қатты ұнатамын,
Олардан жұбаныш пен рақат табамын.
48 Өсиеттеріңді сүйіп, қабылдаймын,118:48 Немесе: Өсиеттеріңді сүйіп, қол созып қабылдаймын.
Жарлықтарың жайлы үңіле ойлаймын.
49 Ескере гөр пендеңе берген уәдеңді,
Өзің қалайсың соған үміттенуімді.
50 Сенің сөзің мені жандандырады,118:50 Немесе: Сенің уәдең маған шынайы өмір сыйлайды.
Бұл мені жапа шеккенде жұбатады.
51 Паң жандар мені мазақтай бергенмен,
Тағылымыңнан118:51 Немесе: Таурат заңыңнан; яки: Тәліміңнен. тайып кетпедім мен.
52 Ежелгі шешімдеріңді еске аламын,
Уа, Жаратқан, содан жұбаныш табамын.
53 Тағылымыңнан безген зұлымдарды
Көргенімде ашу кернейді бойымды.
54 Жат жерлік болып тұрған жақтарда мен
Жарлықтарыңды жырлап жүремін.
55 Уа, Жаратқан, түнде атыңды есіме саламын,118:55 Яки: Сенің Таурат заңыңа (яки: тағылымыңа) ұдайы бағынамын.
Сенің тәліміңді ұдайы ұстанамын.
56 Бұл менің берік әдетіме118:56 Немесе: менің үлесіме (яки: несібеме). айналды:
Іске асырамын берген бұйрықтарыңды.
57 Уа, Жаратқан, Өзіңсің менің үлесім,118:57 (15:5-6; 72:25-26) Немесе: «үлесім» (яғни шынайы игіліктерімнің көзі) мынау болсын (118:56).
Сөздеріңді сақтаймын деп уәде бердім.
58 Шын жүректен сиынып келемін Саған:
Уәдеңе сай рақымды бола гөр маған.
59 Жүрген жолдарыма түңіле толғандым,
Ережелеріңмен жүруге бел будым.
60 Мен өсиеттеріңді тез орындап,
Кешеуілдеткен жоқпын жалтақтап.
61 Зұлымдар шырмап алды айналамды,
Ал мен ұмытпадым тағылымыңды.
62 Сені әділ шешімдеріңе бола
Дәріптеймін, тұрып түн ортасында.
63 Мен Сені терең қастерлеген жандардың
Әрі бұйрықтарыңды ұстанғандардың
Барлығымен де жақын жолдаспын.
64 Жер мейіріміңе толы, о, Жаратқан,
Жарлықтарыңды үйрете гөр маған.
65 Берген сөзіңе сай, уа, Жаратқан,
Көп жақсылық жасап келесің маған.118:65 Немесе: Уа, Жаратқан Ие, қызметшіңе (яғни маған) жақсылық көрсете бер.
66 Мені үйретші дұрыс түсінік пен білімге,
Себебі сенемін Сенің өсиеттеріңе.
67 Мен азап шекпес бұрын118:67 Яки: Мен жөнге салынып, жуасымас бұрын (118:71,75). жолдан адасқан едім,
Ал енді Сенің сөзіңді сақтап жүремін.
68 Ізгісің Сен, істейсің игі істеріңді,
Үйрете көрші маған ережелеріңді.
69 Тәкаппарлар жапса да маған жалаларын,
Мен шын жүректен бұйрықтарыңа бағынамын.
70 Олардың жүрегі сезімсіз боп қасарысқан,
Ал мен рақат табамын тағылымыңнан.118:70 Немесе: Мен қуаныш табамын Таурат заңыңнан.
71 Үйренуім үшін жарлықтарыңды,
Азап шеккенім маған жақсы болды.
72 Мыңдаған алтын-күміс ақшалардан
Аузыңнан шыққан тәлімің қымбат маған!
73 Сенің қолың мені жаратып қалыптастырды,118:73 138:13-16.
Енді түсінік сыйлап, үйрете гөр бұйрықтарыңды.
74 Сені қастерлейтіндер мені көргенде шаттансын,
Себебі Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
75 Сенің шешімдеріңнің әділдігін мойындаймын,
Мені жазалағаның118:75 Яки: Мені азапқа салып жуасытқаның (118:67,71). да әділ, уа, Жаратқаным.
76 Осы пендеңе берген уәдеңе сай мейірімің
Маған ұдайы жұбаныш бола берсін.
77 Рақымың түсіп, мен аман болайын,
Тағылымыңнан қуаныш табайын.118:77 Немесе: Рақымың маған түсіп, шынайы өмірге ие болайын, Таурат заңыңнан (яки: тәліміңнен) жұбаныш пен рақат табамын.
78 Мені себепсіз езген паңдар масқаралансын,
Ал мен бұйрықтарың туралы толғанамын.
79 Қастерлеп Сені, ережелеріңді білетін
Кісілер маған бет бұрып, қосылса, шіркін!
80 Масқара болмауым үшін жүрегім менің
Жарлықтарыңа түгел адал бола берсін!
81 Құтқаруыңды аңсап шаршап келемін,
Бірақ Сенің сөзіңе үміттенемін.
82 «Мені қашан жұбатасың?» деп зарығып,
Көзім талды сөзіңнің іске асуын тосып.118:82 68:4; 118:123; Абқ 2:3.
83 Түтінге қақталған торсықтай мен
Еш нәрсеге жарамсыз көрінгенмен,
Шығармадым жарлықтарыңды есімнен.
84 О, Ием, мен тағы қанша уақыт тосайын,
Мені қудалағандарды қашан соттайсың?
85 Сол тәкаппарлар Сенің заңыңа қарсы
Мені құлатпақ болып терең ор қазды.
86 Күллі өсиет атаулың адал да ақиқат,
Жар бола гөр, жау артымнан қуады нақақ!118:86 Яки: Жар бола гөр, кінәм болмаса да, олар мені қудалайды.
87 Олар мені аластата жаздады жерден,
Бірақ Сенің бұйрықтарыңнан безбедім мен.
88 Сақтауым үшін шығарған ережелеріңді,
Рақымыңа сай нығайта гөр өмірімді.118:88 Немесе: Берік мейіріміңе сай мені жандандыра гөр.
89 Сенің айтқан сөздерің,118:89 Яки: бұйрықтарың (Жар 1:3; Евр 11:3; 1:3). Жаратқан Ием,
Көкте тұр мәңгілікке бекітілген!
90 Күллі келер ұрпаққа адал боласың,
Жер бола береді, Сен оны орнаттың.118:90 Жар 8:21-22; Мат 24:35.
91 Шешімдеріңе сай бұған дейін бәрі тұрады,118:91 Немесе: Сенің барлық ережелерің бұған дейін күшінде тұрады.
Бір Өзіңе барлығы да қызмет қылады.
92 Сенің тәлімің мені жұбатып қуантпағанда,
Құрып кеткен болар едім мүшкіл жағдайымда.
93 Ешқашан ұмытпаймын ережелеріңді,
Солармен аман сақтайсың өмірімді.118:93 Немесе: Солар арқылы маған шынайы өмір сыйладың. Яки: солармен мені жандандырасың.
94 Құтқара гөр мені, себебі Сенікімін,
Мен бұйрықтарыңа көңіл бөліп келемін.
95 Зұлымдар аңдып жүр мені құртуға,
Мен болсам үңілемін жарлықтарыңа.
96 Әр кемелдіктің шегі бар екенін түсіндім,
Ал аясы шексіз Сенің өсиеттеріңнің!
97 Сенің тәліміңді сондай қатты сүйемін!
Күні бойы сол жайлы ойланып та жүремін.
98 Өсиеттерің есімде мәңгі бақи қалады,
Олар мені жауларымнан парасатты қылады.
99 Бар ұстазымнан терең ұға аламын,
Себебі жарлықтарың туралы толғанамын.
100 Тіпті жасы үлкендерден де білімдірекпін,
Себебі бұйрықтарыңды сақтап келемін.
101 Сенің сөздеріңді ұстанып келемін,
Сол үшін теріс жолдан аулақ жүремін.118:101 Немесе: Сол үшін аяғымды әрбір теріс жолдан аулақ салып келемін.
102 Сенің шешімдеріңнен тайып кетпеймін,
Өйткені Өзің маған тәлім беріп келесің.
103 Қандай тамаша Сенің сөзіңнің дәмі,
Ол тіпті тіл үйірген балдан да тәтті!
104 Ақыл-кеңес табамын бұйрықтарыңнан,
Бар жалған жолдар сондай жексұрын маған!
105 Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады,
Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады.
106 Мен ант еттім әділ шешімдеріңді сақтауға,
Сөзімде тұрып, сертімді орындаймын да.
107 Уа, Жаратқан Ие, қиналып жүрмін тым қатты,
Берген сөзіңе сай өмірімді жаңартсаңшы!118:107 Немесе: өмірімді сақтай гөр!
108 Аузымнан шыққан мадақтауымды, уа, Жаратқан,
Ерікті сый-тарту деп менен қабылдасаң,
Әрі өз шешімдеріңді үйретсеңші маған,
109 Әрқашан жанымды қиюға дайынмын,
Сенің тәліміңді есімнен шығармаймын!118:109 Немесе: Жаныма ұдайы қауіп төнуде, ал Сенің Таурат заңыңды есімнен шығармаймын!
110 Зұлымдар маған тор салып, тұзақ құрған,
Ал мен тайып кетпедім бұйрықтарыңнан.
111 Ережелеріңді қабылдадым мәңгі мұраға,
Жүрегімді кенелтеді олар қуанышқа.
112 Жүрегімде нық шешім қабылдадым бағынуға118:112 Яғни мен белді бекем будым бағынуға.
Ақырына дейін Сенің жарлықтарыңа.
113 Жалтақтайтын жандарды еш жақтырмаймын,
Сенің тәліміңді қатты ұнатамын!118:113 Яки: Екіжүзділерді (немесе: Адам шығарған зұлым ойларды) жек көремін, ал Сен берген Таурат заңын сүйемін.
114 Сен қорғанымсың әрі қалқаным,
Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
115 Әй, әділетсіздер, аулақ кетіңдер қасымнан,
Құдайымның өсиеттерін ұстанатын болам.118:115 Жыр 1:1-2; Еф 5:11-12.
116 Тірі қалуым үшін мені қолдасаңшы,
Берген уәдең бойынша нығайтсаңшы,
Үмітім Өзіңде: ұятқа қалдырмасаңшы.
117 Мені қолдай гөр, сонда аман қаламын,
Жарлықтарыңа ұдайы ден қоямын.
118 Жарлықтарыңнан безгендерді құлатасың,
Құр бекер — айлалы қылықтары олардың.
119 Қоқыстай шығарасың жердің бар зұлымдарын,
Ережелеріңді сондықтан қатты ұнатамын.
120 Тұла бойым дірілдеп Сенен қорқамын,
Шешімдеріңді елемеуден шошынамын.
121 Қуғыншылардың қолына түсіре көрме мені,
Жасап келемін ғой әділ де дұрыс істерді.
122 Осы пендеңді118:122 Яки: Осы қызметшіңді (демек, өзімді). игілікке жеткізіп, қолдай гөр,
Паң жандардың жәбірінен мені сақтай гөр!
123 Әділ уәдеңнің іске асуын тосып,
Көзім талды құтқаруыңды аңсай күтіп.
124 Осы пендеңе рақымшылықпен қарай гөр,
Жарлықтарың жайлы тәлім бере гөр.
125 Пендеңмін, түсінік сыйлай гөр маған,
Сонда ережелеріңді ұғына аламын.
126 Уа, Жаратқан, шара қолданатын уақытың жетті:
Адамдар Таурат заңыңа бағынбай кетті!118:126 Яки: Халық тағылымыңа теріс қарап, заңыңды бұзуда.
127 Ал мен Сенің өсиеттеріңді алтыннан
Артық көремін, әрі саф алтыннан!
128 Содан бар бұйрықтарыңды әділ деп санаймын,
Бүкіл бұрыс жолдарды да жақтырмаймын.
129 Сондай керемет — Сенің ережелерің,
Сондықтан оларға шын жүректен көнемін.118:129 Яки: оларды жан дүниемде сақтап келемін.
130 Мәнісі ашылғанда сөздерің нұрын шашады,
Білімсіздердің де санасын оятып ашады.
131 Аузын ашып, ауаға зәру болған кісідей,
Мен шексіз құштармын Сенің өсиеттеріңе.118:131 118:20,40.
132 Есіміңді сүйген өзгелерге істегеніңдей,
Маған да бет бұрып, көрсете гөр мейіріміңді.
133 Қадамдарымды табанды ете гөр сөзіңмен,
Еш жамандық жүргізбесін маған өктемдігін!
134 Мені құтқара гөр адамдардың езгісінен,
Сонда бұйрықтарыңды сақтай аламын мен.
135 Уа, Ием, маған нұрын төгіп бет-жүзіңнің,
Үйрете гөр ережелеріңді Өзіңнің.
136 Көпшілік көнбегендіктен тағылымыңа,
Көз жасым менің көл болып ағылуда.
137 Уа, Жаратқан Ие, Сен әділсің,
Әрі әділетті күллі шешімдерің!
138 Әділдікпен және шексіз адалдықпен
Ережелеріңді белгілеп бердің Сен.
139 Сөздеріңді менсінбейді дұшпандарым,
Соған қатты налып, шаршап-шалдығамын.118:139 Яки: Соны уайымдап әбден болдырдым.
140 Уәделеріңнің шындығы іс жүзінде сыналған,
Уа, Ием, оларды қатты ұнатамын сондықтан.118:140 Яки: Сенің сөзің балқытылып тазартылған іспетті пәк таза, сондықтан Сенің қызметшің (демек, өзі) оны қатты сүйеді.
141 Жұрт менсінбей, кішік болғаныммен,
Бас тартпаймын Сенің ережелеріңнен.
142 Сенің әділдігің — мәңгі бақи хақ,
Әрі тағылымың — нағыз ақиқат.118:142 Немесе: Және тағылымың (яки: Таурат заңың) сүйенуге лайық.
143 Ауыртпалыққа ұшырап, қысылып қалдым,
Ал өсиеттеріңнен жұбаныш пен рақат таптым.
144 Мәңгілік әділетті ережелерің Сенің,
Түсінік сыйлай гөр шын өмір сүруім үшін.118:144 Яки: шынайы өмірге ие болуым (немесе: қайтадан жандануым) үшін.
145 Уа, Ием, шын жүректен Саған сиынамын:
Құлақ сала гөр, жарлықтарыңа бағынамын.
146 Мені құтқара гөр деп Саған жалынамын,
Ережелеріңді ұстанатын боламын.
147 Таң атпас бұрын Сені көмекке шақырамын,
Сенің берген сөзіңе сенімімді артамын.
148 Сөзіңе терең үңілу мақсатында118:148 Яки: Сенің уәделерің туралы ойланып-толғану үшін.
Ұйқыдан бас тартамын таң алдында.
149 Уа, Ием, рақыммен үніме құлақ сала гөр,
Әділдігіңе сай өмірімді нығайта гөр!118:149 Яки: Шешімдеріңе сәйкес мені (рухани) жандандыра гөр!
150 Сұм жоспар құрғандар таяп қалды маған,
Олар алшақтап кетті тағылымыңнан.118:150 Яки: Олар аулақ жүр Таурат заңыңнан.
151 Ал, Жаратқан Ие, Сен маған жақынсың,
Нағыз шындық — күллі өсиет атаулың.
152 Баяғыда-ақ мен Сенің ережелеріңнен
Оларды мәңгілік орнатқаныңды білгенмін.
153 Мүшкіл халіме көз салып құтқарсаңшы,
Есімнен шығармадым тағылымыңды.
154 Сен мені жақтап, мүддемді қорғасаңшы,
Уәдеңе сәйкес өмірімді сақтасаңшы.
155 Құтқарылу тым алыс зұлымдардан,
Өйткені олар безеді жарлықтарыңнан.
156 Уа, Ием, ұлан-ғайыр — Сенің мейірімің,
Шешіміңе сай нығайта гөр өмірімді менің.
157 Мені қудалауда жаулар сонша көптеген,
Бірақ мен бас тартпаймын ережелеріңнен.
158 Опасыздарды көргенде жиренемін,
Олар сақтамайды сөздеріңді Сенің.
159 Бұйрықтарыңды қалай сүйетініме қарасаңшы,
О, Ием, рақымыңа сай өмірімді нығайтсаңшы.
160 Түп-тамырымен ақиқат Сенің сөздерің,
Әділетті де мәңгілік әрбір шешімің.
161 Басшылар жазықсыз мені қудалайды,
Ал жүрегім сөздеріңді қастерлеп қалтырайды.
162 Зор олжаға тап болған адам сияқты,
Сенің сөздеріңе118:162 Яки: Сенің уәделеріңе. қуанамын сондай қатты!
163 Жалғандықты жек көріп, одан жиренемін,
Өз тағылымыңды қатты сүйемін!118:163 Яки: Ал Таураттағы заңдарыңды шын жүректен сүйемін.
164 Сені әділетті шешімдерің үшін
Күніне жеті рет дәріптеудемін.118:164 Яки: Сені ұдайы мадақтаймын.
165 Тәліміңді сүйгендер тыныштыққа кенелер,
Ештеңеге сүрінбей, аман-есен жүрер.
166 Уа, Ием, өсиеттеріңді іске асырамын,
Мені құтқарасың деп үміттене тосамын.
167 Ережелеріңді жан дүниемде сақтап келемін,
Өйткені мен оларды қатты сүйемін.
168 Мойынсұнамын ережелерің мен заңдарыңа,
Барлық жүрген жолдарым Сенің көз алдыңда.
169 Жалбарынған үнім құлағыңа жетсе екен,
Түсінік сыйлай гөр уәдеңе сай, уа, Ием.
170 Өтінішім Өзіңнің алдыңа жетсінші,
Берген сөзіңе сай мені құтқара көрші.
171 Сен маған үйреткендіктен ережелеріңді,
Лайым аузым мадақтай берсін Өзіңді.
172 Тілім сөздеріңді ән-жырға қоса берсін,118:172 Немесе: Тілім айтқан сөзіңді (яки: уәдеңді) дауыстап паш ете берсін.
Өйткені әділ күллі өсиеттерің Сенің.
173 Бұйрықтарыңды орындаймын деп шешкенмін,
Құдіретті қолың маған көмектесе көрсін.
174 Уа, Жаратқан Ием, құтқаруыңды аңсап тосамын,
Сенің тағылымыңнан зор қуаныш табамын.118:174 Немесе: Сенің Таурат заңыңнан жұбаныш пен рақат табамын.
175 Жаным аман қалып, Сені дәріптей берсін,
Шешімдерің тірек болып мені қолдай көрсін.
176 Жоғалған қой іспетті адасып келемін,
О, Ием, іздеп мені, қасыңа қайтарсаң екен,
Өсиеттеріңді енді шығармаймын есімнен.