Зорлықшыл жаулардан қорғауды сұраған дұға
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы,
Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,
3 Ойларында олар сұм жоспар құрады,
Күн сайын ұрыс-керіс туғызады.
4 Өткір тілдері жыландай шағады,
«Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.