3 Жаратқан — жартастай берік қорғаным,
Мені қауіп-қатерден құтқарушым,
Құдайым — сенім артқан шың құзым,
Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,
Әрі биік таудағыдай баспанам!
4 Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам,
Ол мені арашалайды жауларымнан.
5 Өлім толқындары жан-жақтан құрсады,
Заңсыздық тасқыны көміп тастады,