Құдайдың жер бетіндегі тұрағын аңсау
1 Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы,
Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы,
Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы!
2 Өйткені Сен бас сауғалайтын қорғанымсың,
Неден менен бас тартып, жалғыз қалдырдың?
Неге жаудан қиналып жүруге тиіспін,
Не үшін қайғы-қасірет шегуге мәжбүрмін?
3 Нұрың мен шындығыңды жіберші, уа, Ием,
Олар киелі тауыңа маған жол көрсетсін,
Мені Өзің мекендейтін орынға жетелесін,
4 Сонда Саған арналған құрбандық үстеліне,
Әрі шаттығым мен рақатымның көзіне —
Уа, Құдайым, Өзіңнің алдыңа барамын,
Жетігенмен Саған, Құдайым, мақтау айтамын.
5 Жан дүнием, неге сен мұңаясың,
Бойымда алаңдап неге мазасызсың?
Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!
Өйткені Құтқарушымды — өзімнің
Құдайымды мадақтаймын әлі де.