Құдайдан жау басып алған елді құтқаруын сұрау
1 (Асафтың жыры.)
Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттар
Сенің меншікті еліңді басып, олар
Сенің киелі үйіңді арамдады,
Иерусалимді қиратып, талқандады.
2 Жау Сенің қызметшілеріңнің мәйіттерін
Құстарға жемтік етіп тастап кеткен,
Олар адал адамдарыңның денелерін
Жабайы аңдардың азығы еткен,
3 Солардың қанын Иерусалимді
Айналдыра ағызды су тәрізді,
Сүйектерін жерлейтін қалдырмады ешкімді.
4 Көршілеріміз бізді келеке қылуда,
Маңымыздағылар мазақтап қорлауда.