Хақ Тағаланың даналығы мен әділдігін жырлау
1 (Демалыс күні91:1 Немесе: Сенбі күні. (Ежелде Құдай халқының демалатын күні сенбі болатын.) айтылатын ән әрі жыр.)
2 Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау,
Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,
3 Таң ата жариялап рақымыңды,
Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,
4 Он ішекті аспапта әсем күй тартып,
Жетіген және домбырамен қосылып.