Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 96

Жаратқан Ие әлемге әділ патшалық құрады

1 Жаратқан Ие патшалық құрады,

Қуанып шаттансын бүкіл жер шары,

Көп аралдар әрі теңіз жағалары!

2 Бұлт пен түнек — айналасы Оның,

Шындық пен әділдік — негізі тағының.96:2 Яғни Оның билігінің негізі.

3 Жаратқанның алдында от жүреді,

Айналдыра ол жауларын құртып өртейді.

4 Найзағайы әлемді жарқыратады,

Жер беті соны көріп, шайқалады.

5 Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,

Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,

Балауыз іспетті ериді таулар сонда.

6 Аспан Оның әділдігін паш етеді,

Күллі ұлттар ұлылығын көреді.

7 Жалған тәңірлерімен мақтанғандар

Ұялсын, сол мүсіндерге табынғандар.

Жаратқанға бас иіңдер, барлық пұттар!96:7 Адамдардың соқыр сеніммен табынған пұттары, яғни жалған тәңірлері мен солардың бейнелері, осында Жаратқан Иеге бас иіп мойынсұнуға шақырылады. Әрине, бұл — өткір сықақ.

8 Сион шаһары естіп, шаттанады,

Яһуда қалалары да қуанады

Сенің шешімдеріңе, о, Жаратушы!

9 Жоғарысың бүкіл әлемнен, уа, Жаратқан,

Үстемсің барлық «тәңір, пір» атаулыдан.

10 Ей, Жаратқан Иені сүйетіндер,

Зұлымдық атаулыны жек көріңдер!

Өзіне бағышталғандарды Ол қорғайды,

Зұлымдардың қолынан арашалайды.

11 Әділ адамдарға нұр төгіледі,

Ақжүрек жандар шаттыққа кенеледі.

12 Әділдер, Жаратқанға шаттаныңдар,

Қасиетті есімін мадақтаңдар!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.