Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 17

6 Ажалдың шынжыры мені матады,

Өлімнің торы бұғаулап шырмады.

7 Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,

Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.

Киелі орнынан Ол құлақ салды,

Жалынышым Оның алдына барды.

8 Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,

Таулардың негізі шайқалып дірілдеді,

Өйткені Құдай қаһарына мінген еді.

9 Қаһарынан17:9 Немесе: Танауынан. (Осы жырда Құдай Тағаланың қаһары және Өзінің қызметкерін зор құдіретпен құтқарғаны жанартаудың атқылағанындай және жойқын дауылдың жоғарыдан соғып өткеніндей астарланып бейнеленген). Оның түтін шықты,

От лаулап, аузынан жалын атты,

Ыстық шоқ ішінен атқылады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também